Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып, 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

1123

Оқ-дәрілер шамамен әрбір 15 секун сайын жарылуда.

Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып, 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Ресейдің Ачинск қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккендер қатары 11 адамға жетті. Олардың екеуінің жағдайы ауыр болғандықтан, Красноярға санавиациямен жөнелтілген, деп хабарлайды Atameken Business.  

Өңірде төтенше жағдай жарияланып, жергілікті билік Ачинск ауданындағы маңайдағы ауылдарды көшіріп жатыр.

Соңғы ақпарат бойынша 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Жалпы, әскери қоймаларда миналар мен зениттік патрондар сақталған.

Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усс  өрт аумағының әлі де ұлғаю мүмкін екенін мәлімдеді.

Мамандар қоймаға жақын орналасқан елдімекен тұрғындарын қабылдау үшін уақытша орналастыру пункттерін ашып жатыр. Ал, оқ-дәрілер шамамен әрбір 15 секун сайын жарылуда. Әзірге, себеп салдары туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу