Ресейде қазақстандық рэпердің үстінен іс қозғалды

133

Ганвестке бірқатар әндерінде есірткіні насихаттады деген айып тағылып отыр.    

Ресейде қазақстандық рэпердің үстінен іс қозғалды Фото: BK Ганвест

Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Қауіпсіз интернет лигасының директоры әрі Ресей Қоғамдық палатасының мүшесі Екатерина Мизулина мәлімдеді.

"Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург қаласы бойынша бас басқармасы Ганвест орындаушысына қатысты бірқатар композицияларында есірткі заттарын қолдануды насихаттауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қозғады", – делінген хабарламада.

Берілген мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта әкімшілік тергеу жүргізіліп жатыр, ал іс материалдары сараптамаға жолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу