Ресейде Қазақстанға қарағанда азық-түлік неге арзан? Министр жауабы

205

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша биылғы жазда алғаш рет дефляция байқалды.  

Ресейде Қазақстанға қарағанда азық-түлік неге арзан? Министр жауабы Фото: newtariffs.ru

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Ресейде Қазақстанға қарағанда азық-түлік арзан екенін, елдегі қымбатшылыққа қатысты не ойлайтынын сұрады.

"Біз әлеуметтік маңызы бар тауарды айтатын болсақ, осы жазда алғаш рет дефляция байқалады. Бағаның индексі 0,1-0,2 пайызға дейін төмендеген. Мысалы, өткен айда әлеуметтік маңызы бар тауарлар 0,1 пайызға төмендеді. Басқа азық-түлік тауарларын алатын болсақ, ерекше қымбаттағаны, арзандағаны бар. Негізінде бізде азық-түлік инфляция төмен деңгейде байқалады. Олардың индексі бізге қарағанда жоғары", - деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу