Ресейде Қазақстаннан жеткізілген 15 тонна балық тәркіленді

968

Жеке кәсіпкердің тиісті құжаттары болмай шықты. 

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген 15 тонна балық тәркіленді

Қазақстаннан 15 тонна көксерге балығын тиеп алып, Ресейдің Омбы облысы арқылы Новосібірдегі Куйбышев қаласына жеткізбек болған кәсіпкер Кеден Одағының тізілімінде жоқ екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жүк көлігі жүргізушісінің тауарлық-көліктік құжаттары мен шекарадан өтуге рұқсат беретін Кеден Одағының ветеринарлық сертификаты болғанына қарамастан, ресейлік тарап қазақстандық балықты сауда сөрелеріне қоюға тыйым салды. Себебі Ресей ауыл шаруашылығы бақылау органының мамандары балықты жөнелткен кәсіпкер одақтың тізіліміне енгізілмегенін анықтады. Сондықтан 15 тонна балықтың барлығы тәркіленіп, кәсіпкердің өзі ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Қазақстан жыл сайын әлемнің 36 еліне жалпы сомасы 60 млн АҚШ долларынан асатын 30 мың тонна балық өнімін экспорттайды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу