Ресейде кедендік алым ставкасы Қазақстаннан әлдеқайда төмен

869

Елімізде 6 млн теңгеге сатып алған машинаны Ресейге кіргізу үшін кедендік алым сомасы небәрі 2 мың рубль немесе 11 мың теңге.

Ресейде кедендік алым ставкасы Қазақстаннан әлдеқайда төмен

Сондай-ақ, отандық жаңа көліктерді ресейліктердің жаппай сатып әкетіп жатқанына алаңдаулы. Сөздерінше, көрші ел азаматтары отандық салондардан машина ала алмайды. Алайда, ресейліктер заңды айналып өту үшін қазақстандық делдалдардың көмегіне жүгінеді, яки олар темір тұлпарды өз атына жазып, қызметі үшін ақшалай сыйақы алады.  Осы орайда, көрші Ресейде кедендік алымдардың ставкасы Қазақстанға қарағанда біршама төмен. Мәселен, елімізде 6 млн теңгеге сатып алған машинаны Ресейге кіргізу үшін кедендік алым сомасы небәрі 2 мың рубль немесе 11 мың теңге. Ал Қазақстандағы ставка көлік бағасының 15 пайызына тең.  

"Бұл мәселеде "параллельді импорт" терминін пайдаланған дұрыс емес. Бұл ұғым Ресейге көлік сатуға ресми рұқсат берілген жағдайда ғана пайдаланылуы тиіс. Ал қазір бұған тыйым салынған. Егер Хендай өзінің Ресейдегі зауыттарын жауып, жұмысын тоқтатса, онда қазақстандық дистрибютор бұл көлітерді Ресейге жөнелте алмайды, өйткені мұның арты жанама санкцияға  ікеп соғуы мүмкін. Ал егер сіз салоннан көлік алып, оны ресейдлік досыңызға сататын болсаңыз, оған ешкім тыйым сала алмайды. Мемлекетке осы жағын реттеу керек", - дейді автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің бас директоры Артур Мискарян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу