Красноярск прокуратурасы интернетке мониторинг жасау барысында кісі өлтіруге тыпсырыс беру туралы жарнамалық сипаттағы ақпараттар жарияланған сайтты анықтады, деп жазады қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған reactor.inform.kz.
Бұл ретте сайттың парақшаларын еркін қарауға болатыны, алдын ала тіркелу мен құпия сөз ендіруді қажет етпейтіндігі анықталды. Яғни, кез келген пайдаланушы сайттың барлық мәліметтерін еркін қарап шыға алады.
Мұндай ақпараттарды жариялау заңға қайшы және конституциялық құрылым мен адамгершілік негіздерін қорғау құқықтарын өрескел бұзу болып табылады.
Қала прокуратурасы сайтта жарияланған адам өлтіруге тапсырыс беру туралы ақпаратты Ресей аумағында таратуға тыйым салу үшін сотқа өтініш білдірді. Сот шағымды қанағаттандырды.