Ресейде коронавирус жұқтырған әйел көз жұмды

1245

Қазір марқұмның барлық туысы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Әзірге ешқайсысынан инфекция табылмады.

Ресейде коронавирус жұқтырған әйел көз жұмды

Ресейде коронавирус жұқтырған әйел көз жұмды. Бұл туралы РИА Новотсти хабарлады. 

Ел астанасы Мәскеу қаласында  COVID-19 жұқтырған 79 жастағы әйел адам қаза тапты. Ресми дерекке сүйенсек, оның бірқатар созылмалы сырқат, яғни екінші типтегі қант диабеті, артериалдық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, жүрекке қан апаратын тамырлардың атеросклерозы, созылмалы өкпе гипертензиясы, ми-тамырлары мен несеп-тас ауруларының болғаны анықталған. 

Науқас 13 наурызда ауруханаға жатқызылған екен. Көп ұзамай оны туыстары жеке клиникаға орналастырған. Дәрігерлер оның ағзасынан коронавирус инфекциясын тапқаннан кейін, қаладағы №2 жұқпалы аурулар ауруханасындағы реанимация бөліміне ауыстырған.

Мамандардың айтуынша, қазір марқұмның барлық туысы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Әзірге ешқайсысынан инфекция табылмады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу