Ресейде коронавирустан келген өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

796

Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырған 815 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Ресейде коронавирустан келген өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

"Бұл көрсеткіш 2020 жылдан бергі ең жоғары болып отыр. SARS-CoV-2 – ден қайтыс болу деректерінің басым бөлігі Мәскеуде тіркелді, күніне 59 адам. Өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 22 277 жағдайы анықталды. Эпидемия басталғаннан бері Ресейде SARS-CoV-2 вирусы 6 557 068 адамнан табылды. Өлім-жітімнің жалпы саны 168 864-ке жетті",– делінген хабарламада.

Ал Германияда індетке шалдығудың апталық көрсеткіші соңғы тәулікте 100 мың тұрғынға шаққанда 27,6-дан 30,1-ге дейін өсті. Жалпы, вирус 3 810 641 адамда анықталды (өткен тәулікте +5 578 факт). ДДҰ әлемде коронавирустық пандемия деп жариялағаннан бері 91 853 адам қайтыс болды. Роберт Кох институты осындай ақпарат таратып отыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу