Ресейде коронавирусты емдеуге арналған препарат жасалды

945

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы емдеу кезінде науқастардың қан плазмасын қолданбауды ұсынған еді.

Ресейде коронавирусты емдеуге арналған препарат жасалды

Ресейде науқастардың қан плазмасының негізінде жасалған "КОВИД-глобулин" деп аталатын препарат клиникалық сынақтан өтіп, Денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауына ие болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Ростехтің" баспасөз қызметі бұл дәрінің коронавирусты бейтараптандыруда тиімді және қауіпсіз екенін мәлім етті. Дәрі-дәрмектің құрамында SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелер бар. Ол ағзаға енгізілгенде аурудың асқынуына жол бермейді.  
"КОВИД-глобулин" өндірісі үшін антиденелерінің титрі жоғары донорлардың плазмасы қолданылады. Препараттың тазарту және вирус қауіпсіздігі деңгейі жоғары", – деді "Нацимбио" бас директоры Андрей Загорский.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты емдеу барысында науқастардың қан плазмасын қолданбауды ұсынған еді.

Ұйымның айтуынша, мұндай әдістің тиімділігі төмен және дәлелдебеген. Сондай-ақ плазма құю аурудың асқынуын тежемейтін көрінеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу