Ресейде КСРО мен нацистік Германияның рөлдерін теңдестіргендерге айыппұл салынады

983

Заң бұзғандар қамауға алынады.

Ресейде КСРО мен нацистік Германияның рөлдерін теңдестіргендерге айыппұл салынады

Мемлекеттік Думаның депутаттары үшінші оқылымда КСРО мен нацистік Германияның рөлдерін теңдестіргендерге айыппұл салу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Заң бұзған азаматтарға 5 мың рубль көлемінде айыппұл салу немесе оларды 15 күнге дейін қамауға алу қарастырылған. Ал заңды тұлғалар 100 мың рубль төлеуге міндеттеледі.

Бұл заң жобасында КоАП-ты жаңа 13.48 баппен толықтыру ұсынылып отыр. ("Федералды заңмен белгіленген КСРО басшылығының, КСРО қолбасшылығы мен әскери қызметкерлерінің мақсатын, шешімдерін және әрекеттерін нацистік Германия басшылығының мақсатымен, шешімдерімен және әрекеттерімен, фашистік Германия мен еуропалық елдердің қолбасшылығымен және әскери қызметкерлерімен теңдестіруге салынған тыйымды бұзу салуды бұзу, сонымен қатар фашистік Германияны жеңудегі КСРО-ның рөлін, Еуропа елдерін азат етудегі КСРО-ның гуманитарлық миссиясын жоққа шығару).

Лауазымды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 5 мың рубльден 20 мың рубльге дейін болады. Заңды тұлғалар үшін айыппұл көлемі 50 мың рубльден 100 мың рубль аралығында бекітіледі немесе олардың жұмысы 90 күнге тоқтатылады.

Табиғат Нұрболат

Фото РФ Мемлекеттік Думасының сайтынан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу