Ресейде КСРО мен нацистік Германияның рөлі бірдей деп айтқандар сотталуы мүмкін

637

Бұған дейін Моргенштерн Жеңіс күні неліктен тойланатынын түсінбейтінін айтқан болатын. 

Ресейде КСРО мен нацистік Германияның рөлі бірдей деп айтқандар сотталуы мүмкін

Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыста КСРО мен нацистік Германияның рөлін теңдестіргендер, яғни көпшілік алдында олардың рөлі бірдей деп айтқандар сотталмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.

Заң жобасы Мемлекеттік Думаға енгізілді. Құжат парламенттің төменгі палатасының сайтында жарияланды.

Заң жобасына сәйкес, нацистік Германияны жеңудегі кеңес халқының шешуші рөлін және Еуропа елдерін азат етудегі КСРО-ның гуманитарлық миссиясын мойындамағандарға 2000 рубль көлемінде дейін айыппұл салынады немесе олар 15 күнге қамалады. Лауазымды тұлғаларға 4000 рубль, ал заңды тұлғаларға 50 000 рубль көлемінде айыппұл салынады.

Заң шығарушылар мұндай заң жобасының қабылдануын Отан қорғаушылар рухын қорлауға жол бермеуге және 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи шындықты құқықтық негізде қорғауға бағытталып отырғанымен түсіндірді.

Мұндай шешімді қабылдауға Моргенштерннің мәлімдемесі түрткі болған тәрізді. Бұған дейін ресейлік рэпер Моргенштерн Жеңіс күні неліктен тойланатынын, оны атап өтуге неліктен қыруар қаржы бөлінетінін түсінбейтінін журналист Ксения Собчактың YouTube-тегі "Осторожно, Собчак" бағдарламасында айтқан болатын. Бірақ кейін ол осы сөздері үшін кешірім сұрады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу