Ресейде ҚТЖ-ға тиесілі станцияның басшысы ұсталды

1097

Қазақстан азаматы шетелдік лауазымды тұлға бола тұра, делдал арқылы 122 мың рубль көлеміндегі қомақты қаржыны қалтасына басқан.

Ресейде ҚТЖ-ға тиесілі станцияның басшысы ұсталды

Ресейде "Қазақстан темір жолы" компаниясына тиесілі станцияның басшысы ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business Интерфакске сілтемемен.

Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Қазір Локоть 2 станция басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Барнауыл тергеу бөлімінен ұсынылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстан азаматы шетелдік лауазымды тұлға бола тұра, делдал арқылы 122 мың рубль немесе 732 мың теңге көлемінде қомақты қаржыны қалтасына басқан. Заң қырына ілінген басшы жеке кәсіпкерге вагондарды жеткізу әрі тазалау шаруасын жеделдетіп беруге уәде берген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу