Ресейде Қытайға виза алуға сұраныс артты

851

15 наурыздан бастап Қытай билігі шетелдіктерге визаның барлық түрін беруді қайта бастады.

Ресейде Қытайға виза алуға сұраныс артты Фото: Visaget.ru

Ресейліктерге виза беру қайта басталғаннан кейін құжаттарды тапсыру үшін бос орындар екі күнде аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz pravilamag.ru сайтына сілтеме жасап.

17 наурыздан бастап Мәскеуде Қытай визасын тек 23 мамырдан бастап, ал Санкт-Петербургте 20 сәуірден бастап тапсыруға болады. 

Сондай-ақ, визаға тапсырушылар келесі күндерге арналған слоттардан бас тартса, олар боттардың көмегіне жүгінеді.

Қытайға виза алу үшін ең жоғарғы сұраныс іскерлік бағытта екені байқалады. Себебі, ресейлік компаниялардың өкілдері Гуанчжоудағы кантон жәрмеңкесіне баруға, сондай-ақ қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізу үшін екені айтылған.

Сонымен қатар, Қытайға туристік мақсаттағы визаларға сұраныс айтарлықтай өсуде. OneTwoTrip мәліметі бойынша, виза беру қайта жанданғаннан кейін Қытай танымал шығыс бағыттары тізімінде 50-ші орыннан 12-ші орынға көтерілген.

Ostrovok.ru наурыздың алғашқы екі аптасында Қытайдағы қонақүйлерді брондаушылардың саны ақпан айымен салыстырғанда алты есеге өскенін атап өтті. 

Айта кетсек, бүгін Қытай басшысы Си Цзиньпин Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшып барғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу