Ресейде локдаун енгізілді

736

Ол 30 қазаннан бастап 7 қарашаға дейін жалғасады. Он үш аймақ мерзімінен бұрын шектеу жариялады, Мәскеуде ол 28 қазаннан басталады.  

Ресейде локдаун енгізілді

Президент жарлығымен Ресейде бір апта локдаун апта енгізілді. Осы кезеңде кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Үздіксіз циклі бар кәсіпорындар үшін жеңілдік жасалды. Медициналық ұйымдар мен соттар жұмысын жалғастырады. Федералды мәдениет мекемелеріне QR кодпен және 50%-ға дейінгі залды толтыру арқылы баруға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Білім министрлігі мектептер мен колледждерді каникулға жіберуді және балабақшаларда кезекші топтар құруды ұсынды. Білім және ғылым министрлігі университеттерге қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды жүктеді. Өңірлер сауда, қызмет көрсету және ойын-сауық кәсіпорындарының жұмыс уақыты туралы шешімді дербес қабылдады.

Көптеген аймақта локдаун кезінде азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен ең қажетті тауарларды сататын сауда орындары ғана жұмыс істейді.

Кейбір тамақтану, спорт нысандары мен сауда орталықтарына вакцинация немесе бұрынғы ауру туралы QR кодтары болған жағдайда 23:00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берді. Бірқатар аймақта кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу