Ресейде майшам шығаратын зауыт өртенді

402

Калуга облысының Малоярославецтегі шам зауытында өрт болды.  

Ресейде майшам шығаратын зауыт өртенді Фото: obninsk.kp40.ru

Бұл туралы Калуга облысы бойынша ТЖМ ММ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Өндірістік ғимаратта өрт болды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің ауданы шамамен 500 шаршы метрді құрайды", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

ТЖМ-де құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, тілсіз жаумен күреске 20 адам мен жеті бірлік техника жұмылдырылғанын хабарлады. Оқиға орнында тергеушілер мен мемлекеттік қадағалау инспекторы жұмыс істейді, олар оттың неден шыққанын, қаншалықты залал келгенін анықтауға кіріскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу