Ресейде медицина қызметкерлеріне 46 миллиард рубль бөлінеді

897

Бұған дейін оларға 31 желтоқсанға дейін арнайы ай сайынғы әлеуметтік төлем берілетіні жарияланған еді. 

Ресейде медицина қызметкерлеріне 46 миллиард рубль бөлінеді

Ресей үкіметі медицина қызметкерлеріне арналған қосымша төлемдерді жүзеге асыру үшін 46 миллиардтан астам рубль бөледі, деп хабарлады Inbusiness.kz  ел премьер-министрі Михаил Мишустиннің 6 тамызда жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Ол індет кезінде дәрігерлер мен медбикелердің қиын жағдайда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Үкімет оларды қолдайды, біз медицина қызметкерлеріне арнайы әлеуметтік төлемдер жүргізу үшін 46 миллиард рубльден астам қаражат шығындаймыз", – деді Мишустин.

Ресейде коронавирус дертіне шалдыққан адамдармен тікелей байланыста жүрген медицина қызметкерлеріне қосымша төлем жасау 2020 жылдың сәуірінде енгізілген еді. Кейін сол жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін арнайы ай сайынғы әлеуметтік төлем берілетіні жарияланды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу