Ресейде Мемлекеттік Дума диверсия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын қабылдады

677

Тиісті заң жобасын Мемлекеттік Дума соңғы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап. 

Ресейде Мемлекеттік Дума диверсия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын қабылдады Фото: Ren.tv

Заң жобасы 8 желтоқсанда Мемлекеттік Думаға қарастырылуға берілді. Оның авторлары - Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин, "Единая Россия" фракциясының барлық депутаттары, РФКП басшысы Геннадий Зюганов, РЛДП басшысы Леонид Слуцкий, "Әділетті Ресей - Шындық Үшін" партиясының басшысы Сергей Миронов пен "Жаңа адамдар" басшысы Алексей Нечаев. 14 желтоқсанда заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

Ресей Мемлекеттік Думасы Украинаға қарсы жалғасып жатқан соғыс аясында диверсиялық қызмет үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын үшінші, соңғы оқылымда қабылдады. Сәрсенбіде, 21 желтоқсанда Ресей парламентінің төменгі палатасының сайтында жарияланған хабарламада: "диверсиялық қызметке итермелеу, жалдау немесе басқа жолмен тарту, сондай-ақ диверсияны қаржыландырумен айналысқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру диверсиялық қоғамдастық құруға қатысқан немесе диверсия жасау үшін оқудан өткен адамдарға да қатысты болады. Диверсиялық қоғамдастыққа қатысқаны үшін сот 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін, ал "диверсия жасауға көмектескені" үшін 10 жылдан 20 жылға дейін жаза тағайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу