Халқының 20 млн-ы қайыршылықтың аз-ақ алдында өмір сүретін Ресейде байлардың қатары биыл 1,5 есе өскен, деп хабарлайды Atameken Business.
Бүгінде теріскейдегі көршіміз магнаттар саны бойынша алғашқы үштікке кіреді. Олардың 10 пайызы елдегі байлықтың 83 пайызын иеленген. Қаржы активтерінің де жартысынан астамы соларға тиесілі.
Салыстыру үшін айта кетсек, АҚШ-тағы байлардың бір пайызы ғана ел байлығының 35 пайызын бақылайды. Қытай мен Германияда да осы шамалас.
Қазір әлемде байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздік деңгейі төмендеп келеді, ал Ресейде керісінше. Бір жылда 74 мың азамат миллионер болып шыға келген. Оған мұнай бағасының өсуі мен рубльдің тұрақтана бастауы да ықпал еткен.