Ресейде мобилизацияға жұмылдырылған 10 мыңға жуық адам үйлеріне қайтты

499

Ел бойынша жұмылдырылған 10 мыңға жуық адам әртүрлі себептермен үйлеріне оралды, деп мәлімдеді Мемлекеттік Думаның Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов журналистерге.

Ресейде мобилизацияға жұмылдырылған 10 мыңға жуық адам үйлеріне қайтты Фото: Reuters

"Бүгінгі таңда ел бойынша 10 мыңға жуық адам түрлі себептермен қайтарылды", – деді ол Санкт-Петербургтегі "Единая Россия" еріктілерімен кездесу барысында.

Естеріңізде болса, Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 21 қыркүйектен бастап Ресейде ішінара мобилизация жарияланды.

14 қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Путин Ресей Федерациясындағы 300 мың әскери міндетті азаматтың 222 мыңы жұмылдырылғанын, екі апта ішінде барлық жұмылдыру шаралары аяқталатынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу