Ресейде мобилизацияны аяқтауға Президент жарлығы қажет емес

483

Ресейде ішінара әскери жұмылдыруды аяқтау туралы жеке жарлық қажет емес.

Ресейде мобилизацияны аяқтауға Президент жарлығы қажет емес Фото: ТАСС

Бұл туралы бүгін Федерация Кеңесінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс комитетінің басшысы Андрей Клишас айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жұмылдыруды аяқтау туралы қосымша жарлықтар қажет емес", – деді сенатор.

31 қазан күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ішінара жұмылдырудың аяқталғанын жариялады.

Журналистердің мобилизацияны ресми түрде аяқтау үшін арнайы жарлық қажет пе деген сұрағына Ресей басшысы бұл мәселені заңгерлермен талқылайтынын айтты.

21 қыркүйекте Путин елде ішінара жұмылдыру туралы жарлыққа қол қойды. 28 қазанда Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу Путинге елдегі ішінара жұмылдырудың аяқталғаны туралы хабарлады.

"Белгіленген тапсырма – 300 мың адам жиналды. Қосымша тапсырмалар жоспарланбайды",  деп атап өтті Шойгу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу