Ресейдің Ханты-Мансийск автономдық округінде мұнай сақтайтын 4 қойма өртеніп, 2 адам жарақат алды. Тағы бір кісі жоғалып табылмай жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Нижне-вартовск ауданындағы "Роснефть" компаниясына кіретін "Варьеганнефтегаз" бірлестігіне қарасты нысанда болды. Өрт мұнайды жинау пунктіндегі бір қоймада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде шыққан. Лапылдаған от 1 мың шаршы шақырым жерге дейін жайылып, 1 мың текше метрге дейін шикізат төгілген.
Мамандар өрттің біршама бөлігін сөндіріп, лаулаған жалынның беті қайтқан. Өртті сөндіруге 123 адам мен 36 техника жұмылдырылған. Төтенше оқиғаға қатысты тергеу басталды.