Ресейде мыңнан аса нысанға "мина" қойылып, 400 мың адам эвакуацияланған

701

Ресейде мыңнан аса нысанға "мина" қойылып, 400 мың адам эвакуацияланған

24 қыркүйектің кешінде Мәскеуде сегіз қонақүй мен тоғыз сауда орталығына келушілер жаппай эвакуацияланды, деп хабарлайды ТАСС.

Телефон террористері "Измайловская", "Минима", "Авита", "Аквамарин", "Азимут", "Золотой колос", "Афиша" және "Космос" қонақүйіне мина қойылған деген жалған ақпарат таратқан..

Сонымен қатар "Принц Плаза", "Мега-Химки", "Метрополис", "Хорошо", "Капитолий" , "Щука", "Океания" және  "Домодедово" сауда орталығындағы 13,5 мың адам сыртқа шұғыл түрде шығарылған.

Жалпы бір ай көлемінде Ресейдегі "миналанған" нысандар саны мыңнан асып, 400 мың адам эвакуацияланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу