Ресейде оқығысы келетін студенттер саны азайды ма?

571

14 қазанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау аяқталды.  

Ресейде оқығысы келетін студенттер саны азайды ма? Фото: РБК

Биыл өткен жылға қарағанда Ресейде оқуға қызығушылық білдіргендер қатары азайған. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар  Жанғозин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта бізде тізім бойынша 236 университет болса, соның 8-і ғана ресейлік университет. Бүгінгі таңда академиялық оқу бойынша Ресейде білім алып жатқан стипендианттар жоқ. Тек қана тағылымдамадан өтіп жатқандар ғана бар. Яғни онға жуық ғалым ғылыми тағылымдаманы аяқтады. Әлі 2-3 ғалым тағылымдамадан өтіп жатыр. Алдағы уақытта олар тағылымдаманы бітіріп, Қазақстанға оралады", - деді Әнуар  Жанғозин журналиске берген жауабында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ресейдегі өнер университеттерінің бірінде тағылымдамадан өту бойынша бір ғана өтінім түскен.

"Бізде қазір құжат қабылдау аяқталды. Осы статистикаға зер салсақ, тағылымдама бойынша (ред. - Ресейден өтуге) бір-ақ өтінім бар. Бұл техникалық университетке емес, өнер университеті бойынша 1 үміткер. Бірақ әлі стипендияны тағайындау бойынша соңғы шешім қабылданған жоқ", - деп жауап берді спикер.

Бұдан бөлек Әнуар Жанғозин Ресейде оқуға ниет білдіргендерге де тоқталды.

"Биыл былтырғыға қарағанда қызығушылық жоқ екенін байқап отырмыз", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы.

Айта кету керек, осыған дейін  еліміздегі 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу