Ресейде оқып жүрген қазақ баласы көз жұмды

1475

Қазақстандық студент Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегері атанып, химиямен әуестенген. Белсенді студенттердің қатарында болған.

Ресейде оқып жүрген қазақ баласы көз жұмды

Ресейде қазақстандық студент қаза болды. 23 жастағы Темірлан Мәскеу Мемлекеттік университетінің 5-курсында химия мамандығы бойынша білім алып жатқан.

Жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, студент жатақханада тұрған. Қайғылы жағдай сол жерде орын алыпты. Жігіт өз бөлмесінде есік тұтқасына асулы күйінде табылыпты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Болжам бойынша Темірлан өз-өзіне қол салған.

Бұл істі еліміздің сыртқы істер министрлігі де назарға алды. Олар тексеру жүргізуде.

Қазақстандық студент Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегері атанып, химиямен әуестенген. Белсенді студенттердің қатарында болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу