Ресейде оқытушыны пышақтаған қазақстандыққа қатысты СІМ түсініктеме берді

676

Ресейде оқытушыны пышақтаған қазақстандыққа қатысты СІМ түсініктеме берді

Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспирантының ұсталуына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"1992 жылы туған қазақстандық, Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспиранты 30 маусымда ұсталды. Тергеу тағы бір ай жүреді, 30 тамызға дейін қамауда болады. Ата-анасы адвокат жалдады", — деді министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров. 

Айта кетейік, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары 26 жастағы қазақстандықтың оқу орнының әжетханасында оқытушыға пышақпен тап бергенін хабарлаған еді. Оқиға 29 маусымда болған. 

Қазақстандық 28 жастағы медициналық-техникалық ақпараттық технологиялар кафедрасы ассистентінің қарнына және иығына пышақ тығып, қашып кеткен. Зардап шеккен оқытушы ауыр хәлде аурухана жеткізілді. 

Болған жағдай университеттің бақылау камерасына түсіп қалған. Жігіттің не себепті оқытушыны пышақтағаны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу