Ресейде өлтірілген екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілді

1519

Бұл жөнінде ресейлік телеграм-арналар жазды. 

Ресейде өлтірілген екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілді Фото: РИА Новости

Ресейде атыс кезінде қаза тапқан екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

14 наурызда жаңартылған тізімде Сәбит Әшіралиев және Жәнібек Тасқұлов атты екі адамның аты-жөні де бар. Бұл ресейлік ASTRA телеграм-арнасы жазған Ресейдің Калуга облысында 7 наурызда атып өлтірілген екі адамның аты-жөнімен сәйкес келеді. 

"Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада. 

Олар Мәскеудегі синагогада теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікке ілінген. Тінту кезінде қазақстандықтар болған үйден қару-жарақ тәркіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу