Ресейде оңтүстікафрикалық штамм анықталды

640

Зерттеулерді Роспотребнадзордың 14 ғылыми-зерттеу ұйымдары жүргізіп жатыр.

Ресейде оңтүстікафрикалық штамм анықталды

Ресейде коронавирустың оңтүстік африкалық штамы анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Роспотребнадзор сайтына сілтеме жасап.  

"Коронавирустың британиялық 28 штамы, 2 оңтүстікафрикалық штамы табылды. Бразилиялық нұсқаға жататын изоляттар анықталған жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар зерттеушілер коронавирустың басқа 16 мутациясын тіркеген. 
Ведомствоның мәліметінше, клиникалық материалдың 8 159 үлгісі жиналған. Яғни шет елдерден келгендер, олармен байланыста болғандар, ем қонбайтын науқастар, дерттің ауыр түрімен ауырған бес жасқа дейінгі балалар, аурудың атипті түріне шалдыққан адамдар тексерістен өткен. Бұл зерттеулерді Роспотребнадзордың 14 ғылыми-зерттеу ұйымдары жүргізген. 

Ресейде осы күнге дейін 4,34 миллион адам коронавирус жұқтырып, оның 3,95 миллионы аурудан айыққан. 90 мыңнан астамы көз жұмған.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу