Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионаты айып добының санымен ерекшеленіп тұр

842

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионаты айып добының санымен ерекшеленіп тұр

2018 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Иран мен Португалия арасындағы матчта екі пенальти белгіленді, деп хабарлайды "SPORTINFORM".

Арбитр Энрике Касерес бейнебақылау жүйесін пайдаланып, Иранның пайдасына қарай, Португалияға 11 метрлік айып добын белгіледі. Бұл - турнирдегі жиырмасыншы пенальти. Бұдан дейін Криштиану Роналду он тоғызыншы пенальтиді орындай алмаған болатын.

Айта кету керек, 20 пенальти белгіленді Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионаты айып добының санымен ерекшеленіп тұр.  Осыған дейін футболистер қақпаға 20 пенальти бағыттап үлгерді.

Әлем чемпионаттарының тарихында осынша көп пенальти ешқашан болмаған. Белгіленген пенальтилер бойынша бұған дейін жасалған рекорд 1990, 1998 және 2002 жылғы әлем чемпионаттарында болған. Бұл ойындарда 18 айып добы соғылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу