Ресейде Өзбекстанның 10 азаматы қаза тапты

649

Олардың бәрі нәпақасын айыру үшін шекара асқандар.

Ресейде Өзбекстанның 10 азаматы қаза тапты

Бүгін Ресейдегі Томск облысының Причулымский елдімекенінде ағаш үйден өрт шығып, 10 адам қаза болды.

Оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне Мәскеу уақытымен 00:05-те түсіпті. Өрт сөндірушілер жеткенше қызыл жалын бүкіл үйді шарпыған.

Анықталғандай, өртенген жер үйде 12 адам болған, оның екеуі сыртқа қашып үлгеріп, ал өзгелері қайтыс болды. Олардың бәрі ағаш дайындайтын "ГРИНВУД" ЖШС компаниясында жұмыс істеп, нанын тауып жүрген өзбекстандықтар.

Өзбекстан тарапы қаза болғандардың өз азаматтары екенін растап отыр.

Өзбекстанның ұлттық ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қазіргі кезде оқиғаның себебі тексеріліп, бақилық болған азаматтардың мәйітін елге алып келу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу