Ресейде пандемия басталғалы 25,2 миллион тест жүргізілген

659

Бұл елде вирус жұқтыру қарқыны төмендеген.

Ресейде пандемия басталғалы 25,2 миллион тест жүргізілген

Коронавирус індеті басталғалы Ресейде дертті анықтауға арналған 25,2 миллион тест жүргізілген. Бұл туралы Роспотребнадзор өкілдері мәлім етті.

Ресми дерек бойынша, соңғы тәулікте 259 мың тест өткізілген екен. Қазір вирус жұқтырды деген күдікке ілінген 272 мың тұрғын мамандардың бақылауында. 
Ескере кететін жайт, Ресейде науқастардың саны күннен күнге азайып барады. Елдегі жедел штаб Мәскеу қаласында Covid-19 вирусын жұқтырғандардың саны апта сайын 15%-ға азайып отыр дейді. 

Ресейде осы күнге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 800 мыңға дейін жеткен. Оның 550 мыңы аурудан жазылған, 12 мыңнан астамы қайтыс болған. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу