Ресейде полигоннан шыққан өрт 300 гектар аумақты шарпыды

757

Ресейде полигоннан шыққан өрт 300 гектар аумақты шарпыды

Удмуртиядағы Малопургинский ауданында бұрынғы әскери полигондағы жарылыс пен өртке байланысты төтенше жағдай режімі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Малопургинский ауданы территориясында төтенше жағдай режімі енгізілді",- деді ол.

Өрт  аумағы 300 гектар жерді шарпыған.
Семеновтың айтуынша, тілсіз жауды ауыздықтауға Бе-200 ұшағы тартылған. Бұдан бұрын өрт сөндірушілер Удмиуртиядағы бұрынғы полигондағы өртті Бе-200 ұшағының және үш тікұшақтың көмегімен сөндіреді, деп хабарланған болатын.

Полигондағы  қаруларды жою жұмыстары 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Сәрсенбі күні Удмуртияда Малопургинский ауданындағы Пугачев елді мекенінде бұрынғы әскери арсеналы аумағында өрт болды.

Алдын ала деректерге қарағанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу