Ресейде шахта опырылып, 13 адам үйінді астынды қалды

386

Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. 

Ресейде шахта опырылып, 13 адам үйінді астынды қалды Фото: canva.com

Ресейдің Амур облысында кеніште тау жыныстары құлады. Үйінді астында 13 адамға дейін болуы мүмкін. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. Зея муниципалды округінде жерасты кенішінде тау жынысы опырылды. Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында 13 адам болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Олар кәсіпорынның вентиляциялық еңіс бойына құтқарушылар тобын жібергенін, кеншілермен байланыс қалпына келтіріліп, көлік жолы тазартылып жатқанын атап өтті.

Интерфакс пен 112 телеграм каналы оқиғаның Зея округіндегі "Пионер" кенішінде болғанын жазады (алтын өндіретін кәсіпорынның иесі — "Петропавл" компаниялар тобы). Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында қалған кеншілер тірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу