Ресей қалаларында суррогат сидрдан уланғандар саны 101 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
РФ Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елдің әртүрлі аймақтарында суррогат сидрдан уланғандар саны 101 адамға дейін өсті. Қолдан жасалған сусыннан қаза тапқандар саны 31-ге жетті.
"Ресей Федерациясының субъектілерінде суррогат алкогольмен уланғандардың жалпы саны 101 адам, оның ішінде бес кәмелетке толмаған бала және бір жүкті әйел бар", делінген Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Ондаған адам ауруханаларда емделіп жатыр. Оның ішінде төрт науқастың жағдайы өте ауыр, 24 адамның жағдайы ауыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу