Ресейде сотталған 112 қазақстандық елге қайтарылды

766

Ресейде сотталған 112 қазақстандық елге қайтарылды

Бүгін бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Ресей Федерациясы тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин кездесті, деп хабарлайды бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазақстанға жасаған сапары үшін Александр Бастрыкинге алғыс білдірген Қайрат Қожамжаров, құқық  қорғау саласындағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктес елдер, соның ішінде қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде", - деді бас прокурор.

Өз тарапынан Александр Бастрыкин екі жақты ынтымақтастықтың тарихи ерекшелігін атап өтті. "Тергеу комитетінің 11 жылдық қызметінде арамызда нақты қарым-қатынасты орнаттық. Олар негізгі тәжірибелік тергеу бағытында жүргізіледі", - деді ол.

Қазақстанның бас прокуратурасы соңғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұлғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады.

112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі қарай елде өтеу үшін Ресейден алдырылды. Өз кезегінде Ресейге 242 орыс азаматы қайтарылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы және Ресей Федерациясы тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, сонымен қатар "Байқоңыр" кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі келісімге қол қойды.  

Тараптар бірінші келісім аясында қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл кезінде, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысында әдіс-тәсілдермен бөлісуге, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық, экономика мен жоғары технологиялар бағытында тәжірибе бөлісуге келісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу