Ресейде спиртті ішімдіктердің минималды бағасы көтерілді

941

Ресейде спиртті ішімдіктердің минималды бағасы көтерілді

13 мамырдан бастап Ресейде  арақ, коньяк және ликер ішімдіктерінің ең төменгі бағасы көтерілді. Бұл туралы қаржы министрінің бұйрығында айтылды, деп жазады РИА Новости.

Атап айтқанда, 0,5 литрлік бір шөлмек арақтың бағасы 7,9%-ға —205 рубльге дейін, коньяк  15,2 % — 371 рубльге дейін қымбаттады.

Сонымен бірге өндірушіден  сатып алудың құны да өсті. Егер бұған дейін жарты литрлік шөлмек 165 рубль болса, енді ол 176 рубль болмақ, көтерме баға 2,3 пайыздан асты. Коньяктың өткізу бағасы  25,6% — 314 рубльге дейін, көтерме баға 23,3%-ға, 323 рубльге дейін көтерілді.

Мекемедегілер бағаның өзгеруін акциз мөлшерлемесінің өсуімен, тарифтің көтерілуі және өндірістік шығындармен байланыстырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу