Ресейде су көліктерінің соқтығысуынан 10 адам қаза болды

807

Ресейде су көліктерінің соқтығысуынан 10 адам қаза болды

Ресейдің Волгоград қаласында катамаран мен баржа соқтығысып, салдарынан он адам қаза тапты, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды

Волга өзенінде Волгоград қаласы жанындағы Голодный аралына жақын маңда катамаран мен екі баржа тіркелген жүк кемесі соқтығысып, катамаран аударылып қалған. Катамаранда кем дегенде 16 адам болған.

"Волгоградта катамаран мен баржа соқтығысып он адам қаза тапты, бесеуі құтқарылды, біреуі әлі табылған жоқ", — делінген ТЖМ хабарламасында.

Үш ер адам мен екі әйел адам ауруханада жатыр. Жағдайлары бір қалыпты.

Волгоград облысы губернаторы Андрей Бочаровтың сөзіне сүйенсек, іздеу-құтқару шаралары барысында қаза тапқан он адам табылды, біреуі жоғалып кеткен, кім екендері анықталып жатыр.

Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу