Ресейде Tinder жұмысын тоқтатты

1195

2 мамырда Match Group (Tinder иесі) 30 маусымға дейін Ресейден кететінін хабарлады.

Ресейде Tinder жұмысын тоқтатты Фото: searchengines.com

Tinder танысу қызметі Ресейде өз жұмысын тоқтатты. Қосымшаны App Store дүкенінен табу мүмкін емес, Google Play-де де қолжетімді емес, деп хабарлайды inbusiness.kz Ведомости тілшісіне сілтеме жасап.

Google Play-де Tinder іздегенде "таңдалған аймақта қол жетімді емес" деген хабарлама шығады. App Store дүкенінде, тіпті, сұранымдар қатарынан қосымшаны көрмейсіз. Apple дүкеніндегі Tinder әзірлеуші бетінде енді Ресейден келген пайдаланушылар үшін қосымшаны жүктеу мүмкін еместігі айтылған.

2 мамырда Match Group (Tinder иесі) 30 маусымға дейін Ресейден кететінін хабарлады. Tinder ресейліктер үшін ақылы опцияларды 2022 жылдың сәуірінде шектеді. Мамыр айының соңында компания Ресейде 30 маусымнан бастап өз жұмысын тоқтататыны жайлы хабарлаған болатын.

Кейінірек компания осы күннен бастап қосымшадағы ақылы жазылымдар Ресейден келген пайдаланушылар үшін автоматты түрде жаңартылмайтынын ескертті. Алты айға не бір жылға жазылған пайдаланушылар сайттағы өтінішті толтыру арқылы қаражатты қайтара алады, деп нақтылады Tinder.

Бұған дейін америкалық Bumble Inc. Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресейден кететінін мәлімдеді, оған Bumble, Badoo және Fruitz халықаралық танысу қызметтері тиесілі. 2022 жылдың наурызында қосымшалар Ресей мен Беларусь азаматтары үшін жабылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу