Магистральда болған апат туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 07.30 шамасында (Астана уақытымен 01.30) келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оқиға салдарынан 30-ға жуық адам зардап шекті, олардың барлығына медициналық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. ТЖ фактісі бойынша ҚК 238-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету).
Өңірлік прокуратураның хабарлауынша, оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Игорь Донгаузер де кеткен. Қадағалау ведомствосы жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуын және жолаушыларды көлікпен тасымалдау ережелерінің сақталуын тексеруді бастады. Қылмыстық істі тергеу прокурорлық бақылауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.