Ресейде ұлттық аза тұту күні жарияланды

794

Ресейде ұлттық аза тұту күні жарияланды

Ресей президенті Владимир Путин Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында шыққан өрттен көптеген адамдардың құрбан болуына байланысты 28 наурызды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы RT-ге сілтемемен 24.kz. хабарлайды.

Бұған дейін Кемерово облысында өрт құрбандарын еске алу үшін үш күндік аза тұту жарияланған болатын.

Еске сала кетейік, 25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт болып, соңғы ресми мәлімет бойынша 64 адам көз жұмған. Қаза тапқандардың 41-і - кәмелетке толмағандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу