Ресейде "Долана" тұнбасынан уланғандар қатары азайып, Иркутск қаласында төтенше жағдай жойылды, деп жазады 24Хабар.
Естеріңізге сала кетейік, осы оқиғаға байланысты шұғыл шара 19 желтоқсанда енгізілген. Ал жалпы боярышниктен 123 адам уланып, олардың 73-і көз жұмды. Қазір 8 науқас ауруханада емделіп жатыр. Олардың барлығы ваннаға арналған тұнбаны арақтың орнына ішкен. Онда этилді спирттің орнына қауіпті метанол болған. Осы іске қатысты тергеу барысында 22 адам қамауда отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу