Ресейде ұрланған 30 көлік Петропавлдан табылды. Қазір шекара асып келген бұл техникалар айыптұраққа қойылып, иелері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Полицейлердің айтуынша, темір тұлпарлар Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург қалаларынан әкелініп сатылған.
Осындай қылмыстардың алдын алу үшін Солтүстік Қазақстан, шекаралас Омбы, Қорған облыстарының полицейлері онлайн конференция өткізді. Бейнебайланыс барысында тәртіп сақшылары көлік ұрлығынан бөлек, есірткі тасымалы мен контрафактілік сауда айналымына қарсы күрес шараларын пысықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу