Ресейдің Амур облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апаттан бір ұшқыш оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Интерфакс.
Әуе кемесі Экимчан ауылының шетіне құлап, артынша өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайға ұшақ қозғалтқышындағы ақау себеп болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу