Ресейде ұшақ апатынан 71 адам көз жұмды

992

Ресейде ұшақ апатынан 71 адам көз жұмды

Ресейде жоғалған Ан-148 ұшағының қалдығы Мәскеу облысының Раменс ауданынан табылды. Бұл ақпаратты елдің төтенше жағдайлар министрлігі растады, деп хабарлайды ТАСС.

Апатқа ұшыраған әуе кемесі "Саратов әуежелілері" компаниясына тиесілі. Қазір тергеу комитеті аталған компания үстінен қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында тексеру жүріп жатыр, "қара жәшік" (ұшақ немесе тікұшақ бортында орналасқан, пилоттардың әңгімелерін бастан аяқ өздігінен жазатын аспап) те табылды.

Еске сала кетсек, бүгін Мәскеудің "Домодедово" әуежайынан Орск қаласына бағыт алған Ан-148 жолаушылар ұшағы 10 минутқа жетпей, радардан жоғалып кеткен.

Ұшақ бортында экипаж мүшелерімен қосқанда 71 адам болған. Кейіннен анықталғандай, олардың бәрі көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу