РФ Белгород қаласында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырап, ондағы 74 жолаушы түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Ресейлік ақпарат агенттіктері ұшақта болған жолаушылардың 65-і украиналық тұтқындар екенін хабарлауда. Бүгін екі ел тұтқын алмаспақ болған.
Сондай-ақ Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақ Укриана тарапынан жасалған соққыдан апатқа ұшырады деп мәлімдеді.
Ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 11:15 кезінде елдімекенге жақын маңдағы алаңға құлаған.
"Қазір апат болған жер қоршауға алынды. Арнайы қызмет өкілдері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - делінген РФ Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.
Ресей ұшақ апатын Украина тарапынан жасалған терракті деп бағалап отыр. Алайда, сарапшылар Украинада ондай қашықтыққа ұшатын қару жоқ, ұшақ қону кезінде апатқа ұшыраған болуы мүмкін деп отыр.