Ресейде ұшақ құлады

995

Ресейде ұшақ құлады

Ресейдің Воронеж облысында екі ұшқышы бар Як-130 оқу-әскери ұшағы құлады. Бұл жайлы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады.

Оқыс оқиға 09:40-та Краснодар жоғары әскери авиация училищесі авиабазасының жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде Борисоглебск қаласында болған. Ұшқыш-конструктор мен курсант катапульта жасап, жерге сәтті қонған, аэродроммен өздері байланысқа шыққан. Олар зардап шекпеген.

Арнайы комиссия жасақталып, оқиғаның мән-жайы тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу