Ресейде утиль алым мөлшері күрт қымбаттауы мүмкін

343

Көліктер үшін утилизациялық алым құнын 1 қазаннан бастап 85%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр. 

Ресейде утиль алым мөлшері күрт қымбаттауы мүмкін Фото: freepik

2024 жылдың 1 қазанынан бастап Ресейде автокөліктер үшін утиль алымын бір реттік 70-85%-ға арттырып, кейіннен оған жыл сайынғы индекстеуді жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы жария талқылауға ұсынылған Үкімет қаулысының жобасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Құжатты 1 қазанда қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Жобаға сәйкес, көлемі 1 литрден 2 литрге дейінгі қозғалтқыштары бар машиналар үшін утилизациялық алым есептелетін коэффициент бір реттік өсім кезінде 85%-ға артады. Бүгінде ол 15,03 маңайында және 27,81-ге дейін өсуі тиіс. Көліктің басқа санаттары үшін де утиль алымды арттыру жоспарланған. 

Бұдан әрі 2030 жылға дейін утиль алым мөлшерін бүгінгі қолданыстағыдан 3,9 есеге арттырып, оны есептеу коэффициентін 58,62-ге дейін ұлғайту жоспары бар.

Утилизациялық алымды есептеу үшін базалық мөлшерлеме 20 мың рубльді құрайды, ал қазіргі ережелерге сәйкес өндіруші немесе импорттаушы (заңды тұлға) жеңіл автокөлік үшін 300,6 мың рубль алым төлейді, жақында қымбаттаудан кейін бұл сома 556,2 мың рубльге дейін өсуі мүмкін.

Осыған дейін Ресейде автомобильдерге утиль алымды индекстеу кезең-кезеңімен жүретіні хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу