Ресейде вакцина тапшылығы туындауы мүмкін

855

Дмитрий Песков аймақтарда вакциналардың жетіспеушілігі уақытша құбылыс деп мәлімдеді.   

Ресейде вакцина тапшылығы туындауы мүмкін

Ресейге өзі өндірген вакциналар жетіспеуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап. 

"Бірқатар өңірде вакцина салдыртпаған тұрғындарға енгізілген шектеулердің кесірінен екпе қабылдауға кезекке тұрғандардың қатары күрт артып жатыр. Әзірге вакциналардың жетіспеушілігі туралы мәлімет жоқ, бірақ ресейліктердің таңдауы шектеулі. Ресми түрде үш вакцина айналымға енгізілді. Олардың ішінде қолжетімді "Спутник V" , аса қатты сұранысқа ие емес "ЭпиВакКорона" мен кең сұранысқа ие "КовиВак" бар. Бірақ "КовиВак" іс жүзінде жоқ деуге болады, оның өндірісі тамыз айында басталады. Нарық қатысушылары COVID-19 вакциналарына деген қажеттілік көлемі бір жылда 140 млн дозаға дейін жетеді деп топшылап отыр. Бірақ қазіргі өндіріс қарқынына қарасақ, бір жылда шығарылатын вакциналардың саны 100 миллион дозаға да жетпеуі мүмкін", – деп жазылған басылымның материалында.

"Нанолек" компаниясы "Ковивак" өндірісін уақытылы бастап,жоспарланған 5 миллион дозаны шығарса да, компания басшысы Владимир Христенко айтқандай, бұл тапшылықты өтеу үшін жеткіліксіз.

23 маусымда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аймақтарда вакциналардың жетіспеушілігі уақытша құбылыс деп мәлімдеген еді. "Бұл – логистикалық қиындықтар. Бұған дейін вакцинация қарқыны біркелкі болды. Ал қазір екпе туралы ақпарат кең тарағаннан кейін, вакцина салдыртамын дегендердің қатары арта бастады. Вакциналарды сақтау шарттары бар. Алдағы күндері екпе тапшылығы жойылады,  жақын арада вакцина айналымға енгізіледі", – деді Песков.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу