Ресейде Vans және The North Face брендтерінің дүкендері жабылады

868

"Коммерсант" басылымы Vans және The North Face брендтерінің ресейлік дүкендерінің жақын арада жабылатыны туралы хабарлайды. 

Ресейде Vans және The North Face брендтерінің дүкендері жабылады Фото: Вечерняя Москва

Компаниялар елдегі көтерме саудаға көшуге шешім қабылдады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Америкалық VF корпорациясы (Vans, the North Face брендтері) жергілікті бөлшек сауданы жабу және ресейлік бөлімшені көтерме саудаға қайта бағыттау туралы шешім қабылдады. Мұндай стратегия геосаяси тәуекелдер мен дүкендердің шығындарын азайтуға бағытталған, бірақ дистрибуция үздіксіз болуы қажет", — деп хабарлайды "Коммерсант".

2022 жылы Мәскеу мен Санкт-Петербургте оннан астам Vans сауда нүктелері жұмыс істеді. Бірақ содан кейін VF корпорациясы Ресейдегі бизнесті жабуға шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу