Ресейде YouTube, Facebook және Twitter бұғатталуы мүмкін

499

Роскомнадзор бірнеше мәрте Facebook, Google және Twitter-ден ресейлік мемлекеттік БАҚ-ты арнайы белгімен таңбаламауды талап еткен еді.  

Ресейде YouTube, Facebook және Twitter бұғатталуы мүмкін

Ресейдің Мемлекеттік Думасы ресейлік БАҚ-тың материалдарын шектейтін шетелдік әлеуметтік желілер мен басқа сервистерді бұғаттауға бағытталған заң жобасын қарастырады. Құжатты Парламенттегі қос палатаның депутаттары 19 қарашада ұсынды. 

Заң жобасына адам мен Ресей азаматының негізгі құқықтары мен бостандығын бұзған деген ақпараттық ресурс иесінің мәртебесі белгіленеді. Яғни Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі интернет сайтты осындай қадамға барды деп таныса, Роскомнадзор оны толықтай немесе жартылай бұғаттап тастайды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Роскомнадзор YouTube, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерін сынға алған болатын. Ұйым бірнеше мәрте Facebook, Google және Twitter-ден ресейлік мемлекеттік БАҚ-ты арнайы белгімен  таңбаламауды талап еткен еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу