Ресейде жаңа вакансия шықты – "SWIFT арқылы ақша аударып беретін Қазақстан азаматын іздейміз"

769

Ресейлік компания SWIFT арқылы ақша аудару үшін Қазақстаннан қызметкерлер іздейді. Кеше, 3 сәуірде HeadHunter-де осындай вакансия пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz orda.kz-ге сілтеме жасап.

Ресейде жаңа вакансия шықты – "SWIFT арқылы ақша аударып беретін Қазақстан азаматын іздейміз"

Қызметкер қазақстандық банк картасын алуы және шотты телефон нөміріне "байлауы" керек. Компания осы үшін 5 мың рубль (27 мың теңге) төлейді. Сонымен қатар банкпен арада мәселе туындаса, оны шешуге ай сайын 1000 рубль (5 000 теңге) берілмек.

Айта кетейік, ресейлік банктер SWIFT-тен ажыраған болатын. Жұмыс берушілер қазақстандықтардың қызметіне мұқтаж екенін жасырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу